jasqazaq.kz

Қоғамдық даму министрлігінің комитет басшысы үй қамауына алынды

04 қантар 2019, 19:22

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада брифинг барысында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлады.

«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының департаментінің қызметкерлері ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің басшысын ұстады. Ол экономика және қаржы комитетінің басқарма басшысының көмегімен 1,9 миллион теңге пара алып, ведомствоның қарамағындағы ұйымдардың қосымша қаржыландыруы туралы уәде берген», — деді Арман Бердалин. Оның айтуынша, комитет басшысы кінәсін мойындаған. Сот оны үй қамағына алу туралы шешім шығарған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Сондай-ақ, Бердалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Велосипед спортына дайындық орталығы» РМҚ басшысына қатысты қылмыстық тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. «Ол орталықта жұмыс істемген адамдарға жалақы ретінде қаражат аударып отырған, сондай-ақ заңсыз сыйақы төлеп отырған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр», — деді ол.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер