jasqazaq.kz

Қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин өмірден өтті

01 қантар 2020, 13:28

Алматыда қоғам қайраткері, экономист Серікболсын Әбділдин 82 жасында көз жұмды.

Бұл хабарды саясаттанушы Ерлан Сайыров растады.

«Қайғылы хабар. Қазақстан Республикасы мемлекет қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Серікболсын Әбділдин өмірден өтті», — деп жазды Е. Сайыров Facebook желісінде.

Серікболсын Әбділдин 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған. 1960 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіріп, еңбек жолын агроном болып бастаған.

1963–1966 жылдары аспирант, аға ғылыми қызметкер, 1967–1982 жылдары — Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болған.

1982 – 1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы — АӨК басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986 – 1987 жылдары — Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болды.

1995 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университеті Агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарды.

Серікболсын Әбділдин — 11-ге жуық ғылыми еңбек пен 6 монографияның авторы.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық