jasqazaq.kz

ҚМГ: Өсім бар, бірақ босаңсуға болмайды

03 қыркүйек 2021, 13:50

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ түсімі 3,1 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 38,5 пайыз жоғары. Samruk Aqparat баспасөз орталығының алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұнайға және мұнай өнімдеріне бағаның өсуі осы көрсеткішке оң ықпалын тигізді. Айталық, есепті кезеңде Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 65 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасып, өткен жылмен салыстырғанда 62,2 пайызға өсті. Сонымен қатар қаңтар-маусым айларында компания 291 млрд теңге көлемінде бос ақша қаражатын жинақтады. Таза пайда 644 млрд теңгені құрады. Ал EBITDA көрсеткіші 1,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 92,6 пайыз жоғары. Осыған орай Дәурен Қарабаев: «EBITDA, таза пайда, бос ақша ағыны көрсеткіштері 2020 жылдың біріншіт жартыжылдығымен, сондай-ақ 2019 жылғы пандемияға дейінгі тиісті кезеңмен салыстырғанда, анағұрлым жақсы деңгейде қалыптасты. Бұл 2020 жылы дағдарысқа қарсы бағдарламаның іске асырылуымен және операциялық, күрделі шығындардың қысқаруымен байланысты», – деді.

Оның мәліметінше, 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында шоғырланған жалпы және әкімшілік шығыстар 2020 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8 пайызға және 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 26 пайызға төмен деңгейде қалыптасты. Бұл ретте абсолютті және салыстырмалы түрде ең көп қысқарған күрделі шығындар болды.
«Есепті кезеңде «ҚазМұнайГаз» бірлескен кәсіпорындарды санамағанда, ел қазынасына салық түрінде 300 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Бұдан бөлек, компания өз акционерлеріне 50 млрд теңге сома көлемінде дивиденд төледі», – деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары. Д.Қарабаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді «пандемияға дейінгі» деңгейге жеткізу бойынша жұмысын жалғастырып жатқандығын алға тартты:
– Өндірістік нәтижелеріміз «дағдарысқа дейінгі» көрсеткіштерден әлі төмен болса да, қазірдің өзінде компанияның қаржылық ахуалы едәуір жақсарғанын көруге болады. 2019 жылмен салыстырғанда, кейбір көрсеткіштер бойынша өсім бар. Дегенмен босаңсуға болмайды. Компания өз қызметін шығындарды барынша қысқарта отырып жалғастырады, – деп сөзін қорытындылады
Д.Қарабаев.

Айдос ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия