
2021 жылғы 1 қыркүйекте сағат 10.00-де Samruk Aqparat баспасөз орталығының алаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үстіміздегі жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаржы көрсеткіштеріне арналған онлайн брифингі өтеді.
Брифинг барысында спикер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев компанияның есепті кезеңдегі қаржылық көрсеткіштері туралы баяндап береді.
Спикерге онлайн сұрақ қою үшін тіркелу қажет. Сұрақтарды жинау мен өңдеуге арналған Telegram-дағы ұялы нөмір тек тіркелген БАҚ өкілдеріне жолданатын болады. Осыған орай бізге 2021 жылғы 31 тамыз күні сағат 17.00-ге дейін БАҚ атауын, журналистің аты-жөнін, мобильді телефоны мен электронды мекенжайын жіберуіңізді сұраймыз.
Тіркелу үшін байланыс: press@kmg.kz; +7 701 055 25 22, Ұлан Смаилов.
Онлайн-брифингті мына сілтеме арқылы көруге болады: