jasqazaq.kz

ҚМГ Директорлар кеңесі орталық аппараттың жаңа ұйымдық құрылымын бекітті

30 сәуiр 2020, 11:08


2020 жылғы 29 сәуірде өткен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Директорлар кеңесінің отырысында жаңа ұйымдық құрылымды бекіту туралы шешім қабылданды. Шешім компанияның қаржы жағдайын тұрақтандыру және нарықтық факторлардың жағымсыз ықпалын азайтуға бағытталған іс-шаралардың аясында қабылданды.

ҚМГ орталық аппараты ұйымдық құрылымының жаңа жобасы келесіні қамтиды:

  • геология, барлау және өндіріс бөліктерін біріктіру. Сәйкесінше, Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасарының қызметі қысқартылды;
  • басқару деңгейлерін азайту. Нәтижесінде 22 басқарушы директордың лауазымдары жойылады;
  • департаменттердің санын үш есе азайту.

«Корпоративтік орталықтың құрылымы шағын әрі жедел қимылдауға және бизнес үшін дағдарыс салдарын аз шығынмен еңсеру үшін тиімді шешімдер қабылдай алатындай болуы тиіс. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруға баса назар аудару мақсатымен көптеген қызмет түрлерінен бас тартамыз және еншілес компаниялармен ықпалдастықтың тетіктерін қайта қарастыратын боламыз», – деді ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

ҚМГ-да бизнес-процестер оңтайландырылып, дағдарысқа байланысты өзектілігін жоғалтқан көптеген жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жоспарлар қайта қарастырылуда. Нәтижесінде орталық аппараттағы қызметкерлердің штаттық санын 34%-ға – 729-дан 480 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданды. ҚМГ басшылығы жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін терең ұғына отырып, босатылған қызметкерлерге барынша қолдау көрсетуге ниетті. Босатылған қызметкерлердің таңдауы бойынша қолдаудың бірнеше түрі көрсетілмек. Атап айтқанда, біржолғы жәрдемақы төлеу немесе басқа жұмысқа тұру үшін рекрутингтік ұйымдардың қызметін ұсыну не ҚМГ есебінен қайта оқытудан өту. Әлеуметтік жауапкершілікке негізделген босату шаралары «СамұрықҚазына» Қорының тапсырмасын орындау аясында дайындалды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия