jasqazaq.kz

ҚМДБ коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялады

13 наурыз 2020, 10:22

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялады. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына үндеу мәтінінің толық нұсқасын ұсынады.

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Вирусты жұқтырған адам саны артуда. Бұл дерт бізді де алаңдатып отыр. Сол себепті, әр адам өз отбасына, ұжымына, туған-туыстарына жауапты тұлға болғандықтан, әрқашан сақтық шараларын жасауы тиіс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзіне де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды», – деген. Ал халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл бар. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша мұсылман қауымын көпшілікпен өтетін ас-садақа мен жиындарды, іс-шараларды мүмкіндігінше кейінге шегеруге шақырады. Ал жамағатпен оқылатын бес уақыт намазға қатысқан жағдайда құлшылықтан кейін қол беріп амандасудан, бір орынға жиналып дұға етуден сақтануымыз аса қажет. Өйткені, құлшылықтан кейін қол алып амандасу намаз шарттарына жатпайды. Мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз: Мешітке бетперде (маска) киіп келу; Намаздан тыс мешітте топтаспау; Мешітке үйден дәрет алып келу; Мешітке кіргенде және намаздан соң қол беріп амандаспау; Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу; Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу; Қариялардың, науқастар мен әйелдердің жамағат намазына қатыспағаны абзал. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиетінде: «Бір жерде жұқпалы аурудың бар екенін білсеңдер, ол жерге бармаңдар, ал егер сол жерде болсаңдар, сыртқа шықпаңдар», – деген (Муслим). Сондықтан барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға шақырамыз. Алла Тағала жер бетіндегі күллі адамзатты түрлі апаттан, жаман аурудан сақтағай! Әмин!

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия