jasqazaq.kz

ҚМА Козачковтың пәтерін тінтуге қатысты түсініктеме берді

20 желтоқсан 2022, 13:23

Қаржы мониторингі агенттігі журналист Михаил Козачковтың ісіне қатысты жедел-тергеу тобының процессуалды іс-әрекетінің заңдылығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚМА хабарлағандай, журналистің пәтерін тінту ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстінің 254-бабының негізінде жүргізілген.

«Тергеу соты тінтуге негіз және қажеттілік бар ма деген мәселені тексеріп, санкция берген. Тінту жұмысы пәтер иесінің, куәгерлердің қатысуымен өтті. Тінту барысы түгелдей бейнекамераға жазылды. Қорғау жағы тінтуге қатысу туралы талап-арыз берген жоқ», — деп хабарлаған дереккөзге ҚМА.

Айта кетейік, бұған дейін республикалық адвокаттар коллегиясы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі тарапынан Козачковтың ісіне қатысты заң бұзу болғанын мәлімдеген еді.

Ал ҚМА агенттігі Козачковтың адвокаты келген кезде тінту басталып кеткенін, тергеуші деректерді жоғалту мен бұрмалауға жол бермес үшін тінтуді үзбей, сырттан ешкімді кіргізбеуге құқылы болғанын алға тартып, түсініктеме берген.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді