jasqazaq.kz

Қисықова: Барлығына бірдей дәрігер мен төсек-орын жетпейді

17 маусым 2020, 17:04

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы азаматтардың тәртібін сынға алды. Оның айтуынша, астаналықтардың бейқам әрекеті Нұр-Сұлтанда «итальялық сценарийдің» қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Сәуле Қисықованың айтуынша, қалалық ауруханаларда барлығы 11,5 мың дәрігер жұмыс істейді, ал қала тұрғындарының саны 1 миллионнан асады. Ол астаналықтарды дәрігерлердің кеңесіне байыппен қарап, қашықтықты сақтауға, қорғаныс бетпердесін киюге шақырды. Әйтпесе, ауруды жұқтырған азаматтардың барлығы бірдей дер кезінде медициналық көмек ала алмайды. «Егер тұрғындар өздерін бейқам ұстауын жалғыстыра беретін болса, барлығына бірдей дәрігер мен төсек-орын жетпейді. Барлығына бірдей уақытыңда көмек көрсетілмейді», – дейді Сәуле Қысықова. Жалпы, басшының мәліметтері бойынша, бүгінде елордада 1,7 мыңнан астам адам қалалық ауруханаларда ем алып жатыр. Оның ішінде тоқсан адам жансақтау бөлімінде жатыр, оның төртеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қисықова, сондай-ақ осы айдың басынан бастап ауруханаларға орташа есеппен 500 адам түсіп жатқанын, әрбір екіншісінде вирустық пневмония екенін айтты. Пациенттердің басым бөлігі орташа-ауыр және ауыр жағдайда жатқан көрінеді.

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді