jasqazaq.kz

ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының президенті шымкенттік кәсіпкерлермен кездесті

26 мамыр 2022, 20:57

Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Қайрат Айтбай үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келді. Елордалық делегация құрамында Ассамблея және қауымдастық мүшелері, Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де бар. Бас қаладан келген жұмыс тобы Әл-Фараби кітапханасында жергілікті кәсіпкерлермен жүздесіп, ой бөлісті.

Басқосуды Шымкент қалалық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы төрағасының орынбасары Икрам Хашимжанов жүргізіп отырды.

Қауымдастық президенті Қайрат Орынбайұлының айтуынша, жуырда Мемлекет басшысының кәсіпкерлермен кездесуінде саладағы өзекті мәселелер көтерілген-ді. Енді ел Президенттің тапсырмасы бойынша тиісті жұмыс қолға алынып отыр.

– Алдымен Нұр-Сұлтан қаласында жиын өтті. Жұмыс бағытын анықтап алып, ел аймақтарын аралауға шықтық. Алматы, Тараз қаласынан кейін Шымкентке келіп отырмыз. Мұндағы мақсат – жергілікті кәсіпкерлермен, Ассамблея мүшелерімен кездесіп, оларды тыңдау, өзекті мәселелерді талқылау, проблемалар болса, бөлісу, тәжірибе алмасу. Барлығымыздың көздегеніміз – кәсіпкерлікті жандандырып, ел экономикасының дамуына үлес қосу. Осылайша екі ай бойы Қазақстанның барлық аймағында кездесулер өткізуді жоспарлап, кәсіпкерлікте туындаған мәселелерді бірге шешуді көздеп отырмыз, – деді Қайрат Орынбайұлы.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік кәсіпкерлік қауымдастығында бірнеше жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Бүгінде қауымдастықта 15 кәсіпкер тіркелген. Шара барысында қауымдастық президенті кәсіпкерлік саласындағы бірнеше басты маңыздылықтарға тоқталды.

Мегаполисте соңғы жылдары жекеменшік мектеп салушы кәсіпкерлер қатары көбейген. Жиынға келген осы сала өкілдері алдағы уақытта заманауи білім ордаларының санын одан әрі арттыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Мәселен, қаламыздағы Низамхан Сүлейманов мектебінің құрылтайшысы аталған білім ордасы шәкірттерін бүгінгі заман талабына сай біліммен қамтуға қауқарлы екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Шымкент қаласының кәсіпкерлері еліміздегі экономикалық өзгерістерді қолдап, қай сала болмасын белсенділік танытуға сенімділіктерін білдірді.

Жиында жергілікті іскер азаматтар сөз алып, өз кәсіптерімен таныстырды. Бүгінге дейін жетістіктері мен проблемаларын ортаға салып, көппен бірге талқылады. Бас қосу еркін тақырыпта өтті.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр