jasqazaq.kz

ҚФФ Бородюкті қызметінен босатты

14 қантар 2018, 14:54

Қазақстанның футбол федерациясы ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюкпен келісімшартты тоқтатты, бірақ бұл жайлы ресми мәлімдеме жасауға асықпай отыр, деп хабарлайды «Спортинформ» САА тілшісі.

Бородюк бұдан бірнеше күн бұрын қызметінен босатылған, бірақ федерация басшылығы бұл ақпаратты жариялауға асықпай отыр. Еліміз футболының бас органы осы ақпаратты жұртшылыққа қандай формада жеткізу жағын ойластырып жатқан болар. Жуық арада «Бородюк отбасы жағдайына байланысты қызметінен кетті» немесе «Нәтиже көрсете алмауына байланысты босатылды» деген ақпараттар таралуы мүмкін. Әрине, әу баста ресейлік маманның алдына ешқандай турнирлік міндеттемелер қойылмағаны, тек ұрпақтар алмасуын жүргізіп, құрама команданы келесі іріктеу кезеңіне дайындау талап етілгені белгілі. Бородюктің Қазақстан құрамасындағы тағдыры желтоқсан айының соңында, оны құрамаға шақыруға бастамашыл болған федерацияның бұрынғы бас хатшысы Қаныш Әубәкіров қызметтен кетуге өтініш берген кезде-ақ белгілі болған. Оның орнына келген Азамат Айтқожин ресейлік маманның еңбек демалысынан келуін күтетінін айтқан болатын. Айта кетелік, А. Бородюктің келісімшарты 2019 жылдың аяғына дейінгі мерзімді көздейді. Егер ҚФФ оны өз бастамасымен бұзатын болса, бапкерге айтарлықтай мөлшерде өтемақы төленеді.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды