jasqazaq.kz

КХДР «жаңа қаруды» сынақтан өткізгенін растады

17 тамыз 2019, 22:00

Сенбі күні КХДР жұмада ұшырылғанын зымырандар «жаңа қаруды» сынақтан өткізу екенін растады. Пхеньян сынақтар Ким Чен Ынның басшылығында іске асырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

«Ким Чен Ын жұма таңында тағы да жаңа қаруды сынақтан өткізді», — делінген Корея Орталық ақпарат агенттігінің мәлімдемесінде. «Біздің елдің қорғаныс саласындағы мақсаты – бізді арандатуға ешкімнің батылы бармауы үшін жеңілмейтін әскери әлеуетке ие болу», — деген Ким Чен Ынның сөзін келтіреді агенттік. Дегенмен агенттік жаңа қару туралы бірде-бір ақпарат бермеді, тіпті атын да атаған жоқ. Оңтүстік Корея Жапон теңізіне жақын қашықтыққа атылатын баллистикалық зымыранға ұқсайтын снарядтар ұшырылғанын хабарлаған соң, араға бір күн салып Солтүстік Корея мұны растап отыр. Әскери сарапшылардың айтуынша, снарядтар АҚШ-тың тактикалық армиялық зымыран жүйесіне ұқсас. КХДР жаңалық агенттіктері жариялаған фотосуреттерде зымырандардың Шығыс теңіздегі шағын аралдағы нысананы жойып жатқаны көрсетілген.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда