jasqazaq.kz

КХДР ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді

09 сәуiр 2018, 11:06

Солтүстік Корея АҚШ өкілдеріне алғаш рет Корей түбегінің денуклеаризация мәселесін талқылауға дайын екендерін мәлімдеді, — деп хабарлайды Reuters агенттігі америкалық шенеунікке сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, КХДР бұл мәселені Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі барысында талқылауға дайын. Сондай-ақ, америкалық және солтүстіккореялық шенеуніктердің жасырын түрде байланысқа шығып жүргендері айтылады. Осыған дейін Солтүстік Корея өкілдері ядролық қарудан бас тарту шарттарын атаған болатын. «ҚХДР ядролық қаруды сатылай жоюды және бүкіл әлемнің денуклеаризациясын қолдайды. Дегенмен ҚХДР-ге ядролық қарумен үнемі қауіп төндіріп отырған АҚШ ядролық қаруға тыйым салу келісімін мойындамайынша, ҚХДР бұл келісімге қосылмайды», — деген еді Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы ұдайы өкілінің орынбасары Ким Ин Рен.

tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді