jasqazaq.kz

КХДР төртінші мәрте зымыран ұшырды

06 тамыз 2019, 11:44

КХДР бүгін таңертең Шығыс теңізде тағы екі зымыран ұшырды. Олар жақын қашықтыққа атылатын баллистикалық зымыран болуы әбден мүмкін. 

Пхеньян Оңтүстік Корея мен Вашингтон арасында өтіп жатқан бірлескен әскери оқу-жаттығуларға осылай наразылық танытып отыр. Оңтүстік Кореяның қарулы күштері снарядтардың жергілікті уақытпен таңғы 5:24 және 5:36-да Оңтүстік Хванхэ провинциясының шығыс жағалауынан ұшырылғанын растады. Екі зымыран шамамен 450 км ұшқан. «Оңтүстік Корея және АҚШ барлау органдары бүгінгі зымырандар сипаттамасы жағынан КХДР 25 шілдеде ұшырған баллистикалық зымырандарға ұқсайды деп санайды», — дейді Оңтүстік Корея әскерилері. «Біздің әскерилер ұшырылымдардың қайталану жағдайына бақылау жүргізіп отыр және олар толық даярлық күйіне келтірілді», — деді Корея Республикасы Бастықтар штабының бірлескен комитетінде. КХДР екі аптаның ішінде осымен төртінші мәрте зымыран ұшырып отыр. Бұған дейінгі зымырандардың алғашқы легі 600 км, екінші ретінде 250 км ұшқан.

Қазақпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда