jasqazaq.kz

КХДР кореяаралық байланыс кеңсесін жарып жіберді

16 маусым 2020, 16:03

Сейсенбі күні КХДР шекарадағы Кэсон қаласында орналасқан кореяаралық байланыс кеңсесін жарып, Корея түбегінде шиеленісті күрт күшейтті. Бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Оқиға Сеулдің Пхеньянға қарсы насихат үнпарақтар таратқаны үшін КХДР-дың күн сайын қорқытуынан басталды. Корея Республикасының Бірлесу министрлігі КХДР байланыс кеңсесін жергілікті уақыт бойынша сағат 14:49-да жарғанын хабарлады.

Бұған дейін әскери дереккөздер Кэсон қаласында түтін байқалып, жарылыс естілгенін мәлімдеген.

Бұдан бірнеше күн бұрын КХДР көшбасшысының кіші қарындасы Ким Ё Чжон сенбі күні кешке бүкіл әлемнің КХДР мен Оңтүстік Корея арасындағы байланыс кеңсесінің мәнсіздігіне көз жеткізетінін айтты.

Шенеуніктердің айтуынша, жарылыстан кейін Оңтүстік Корея шекарадағы күзетін күшейтіп, әскерін жоғары әзірлік деңгейіне келтірді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде