jasqazaq.kz

ҚазҰУ жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді

05 наурыз 2021, 10:34


Әлемнің 1200-ден астам университеттерін бес пәндік бағыт бойынша сараптаған «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің көрсеткіштерін жақсартып, позициясын нығайтты. ҚазҰУ өткен жылмен салыстырғанда «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні бойынша өз көрсеткіштерін 277-ден 156-шы орынға, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» пәні бойынша 351-ден 257-ші орынға көтеріп, оң нәтижеге қол жеткізді.

ҚазҰУ «Қазіргі тіл білімі» мамандығы бойынша даүздіктер қатарынан табылып, әлемнің үздік ЖОО арасында 52-ші орынға ие болды. Университет келесі мамандықтар бойынша: «Ағылшын тілі мен әдебиетінен»–101-150, «Лингвистика» және «Құқықтанудан» – 151-200 үздік топтарына, «Экономика және эконометрикадан» – 251-300, «Математикадан» – 301-350 және «Физика және астрономиядан» – 501-550 алдыңғы топтарына енді.

Бұл рейтингке бірқатармамандықтар алғашқы рет қатысып,бірден үздік атанды. Мәселен, «Тарих» мамандығы 151-200, «Бизнес және менеджмент» – 401-450, «Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық жүйелері» – 501-550, «Химия» мамандығы – 551-600 алдыңғы топтарына кірді.
QSWorld University Ranking by Subject рейтингінің әдістемесі төрт негізгі көрсеткішке негізделген:академиялық бедел, жұмыс берушілер арасындағы бедел, ғылыми мақалаларға сілтеме және Хирш индексі.Пәндік рейтинг95 мыңнан астам академиялық сарапшылардың, 45 мыңдай жұмыс беруші сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, сондай-ақ «Scopus» мәліметтер базасынан алынған ақпараттар негізінде жасалды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұлттық пәндік рейтингтердеде жоғарыда көрсетілген оқу бағдарламалары бойынша қазақстандық университеттер арасында жетекші орын алады. ҚазҰУ халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айнала отырып, әлемдік университеттердің институционалдық рейтингінде де және пәндік рейтингте де табысқа жетіп, үнемі алға жылжып келеді. Сонымен, 2020 жылы QS World University Rankingәлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша жетекші қазақстандық университет (ҚазҰУ) әлемдегі ең үздік университеттер тізімінде 165 орынға ие болды. Бұл топта ТМД елдерінен тек Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғанабар.
www.kaznu.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия