ҚазҰУ студенттердің жағдайын жақсарта түспек

16 қараша 2022, 12:37

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жатақханаларға күрделі жөндеу жүрізіп, бөлмелерді кеңейту арқылы орын тапшылығын шеше бастады. Осы тәсіл арқылы оқу орны алдағы уақытта жатақханалардағы орын санын 2000-ға көбейтуді көздеп отыр.
Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен күрделі жөндеуден өткен №10 жатақхана қайта ашылып, студенттерге пайдалануға берілді. Кездесу барысында министр Саясат Нұрбек жаңарған жатақхана бөлмелерін аралап, студент жастармен пікірлесті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының жатақхана тапшылығын шешу тапсырмаларына сәйкес атқарылған жұмыстарды атап өтіп, жатақхананың жөндеуге дейінгі және кейінгі жай-күйімен таныстырды.

Жөндеу кезінде ғимараттың сыртқы қасбеті жаңартылып, барлық бөлменің қабырғалары қайта әрленді. Есік-терезе ауыстырылып, әр секцияға заманауи душ кабиналары қойылды. Электр жүйесі қайта жүргізіліп, жарық беруші шамдар жаңадан орнатылды. Бұған қосымша, ғимараттың cу құбыры мен кәріз жүйесі монтаждалды. 313 орындық жатақханаға тарих факультетімен қатар, химия және химиялық технологиялар факультеті мен физика-техникалық факультетінің студенттері орналасты. ҚазҰУ алдағы уақытта барлық жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарта түспек.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
Баспасөз қызметі

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді