jasqazaq.kz

ҚазҰУ ректорын халықаралық ұйымның президенті лауазымына ұсынды

26 сәуiр 2018, 14:57

Еуропалық Университеттер Ассоциациясының (ЕУА) Тағайындау жөніндегі комитеті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорын аталмыш халықаралық ұйымның президенті лауазымына ұсынды.

Ассоциацияның штаб-пәтері Брюссель қаласында орналасқан және ол Еуропадағы 800 жетекші университеттерді біріктіреді. Оның қызметі еуропалық университеттерге заманауи қажеттіліктерге және жоғары халықаралық стандарттарға сай тиімді дамуға көмектесуге бағытталған. ЕУА президенті ғылым мен білімнің көрнекті қайраткерлері арасынан үш жылға бір рет сайланады.

Кәсіпқой, прогрессивті көшбасшы, көрнекті ғалым және көптеген ғылыми-білім беру жобаларының бастамашысы ретінде Ғалым Мұтанов халықаралық академиялық қоғамдастықта кеңінен танымал. Еуропа кеңістігінде ғылым және білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, дамытқаны үшін ҚазҰУ ректоры Польша Республикасы қызмет орденінің Кавалер кресті, Францияның Пальма бұтағы академиялық ордені, «Білім және ғылым саласындағы көрнекті еңбегі үшін» атты атаулы алтын медалімен және басқа да марапаттарға ие болған.

Оның кандидатурасын бірқатар танымал университеттер қолдады. Мысалы, Ресей халықтар достығы университетінің ректоры Владимир Филиппов, Ресей Федерациясының бұрынғы Білім және ғылым министрі, Еуропалық университеттер қауымдастығының Бас Хатшысына жолдаған қолдау хатында Академик Ғалым Мұтанов Ассоциацияның президенті лауазымына тағайындалған жағдайда, ЕУА-ны позитивті келешек күтіп тұрғанына шынайы сенім білдірді. Оның жетекшілігімен ҚазҰУ әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттердің біріне айналды, — деп айтылған РХДУ ректорының жолдауында.

Қазақстан өкілінің жоғары лауазымға ұсынылуы мемлекеттің жоғары білім жүйесіндегі жетістіктерінің әлемдік деңгейде танылуының жарқын көрінісі.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді