jasqazaq.kz

ҚазҰУ Мысырда өз филиалын ашады

03 мамыр 2019, 11:21

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ және Мысырдың халықаралық университеті (EIU) Каир қаласында қазақстандық ЖОО-ның филиалын ашу туралы келісімге қол қойды.

Бұл еліміздің жетекші университінің ректоры, академик Ғалым Мұтановтың жыл басындағы сапары мен Мысыр Араб Республикасының жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрлігінің басшылығымен қол жеткізген өзара келісімнің арқасында жүзеге асуда.
Филиал жаңа оқу жылынан бастап алғашқы Мысырлық студенттерді қабылдайтын болады. Кейін олар ҚазҰУ-да академиялық алмасу бойынша білім алып, тағылымдамадан өте алады, ал олардың ішіндегі ең үздіктері кейін магистратураға түсуге мүмкіндік алады.
«Біз халықаралық рейтингтерде алға жылжып, үлкен жетістіктерге қол жеткізген қазақстандық жетекші университет – әл Фараби атындағы ҚазҰУ-мен ынтымақтастық жасауға аса мүдделіміз. Университет кампусы әлемдегі ең үздіктердің бірі, мұнда студенттердің тұруы мен оқуына барлық жағдай жасалған. Сондықтан, APE Парламентінің депутаты, EIU өкілдері және Қазақстан Республикасындағы Мысыр Елшілігінің өкілдерінен құрылған үлкен делегация ҚазҰУ-ға филиал ашу туралы келісім жасау үшін келді. Біз бұл жобаға жан-жақты қолдау көрсетеміз», — деп атап өтті ҚР-дағы АРЕ Елшілігінің мәдениет және білім істері жөніндегі атташесі Ризк Ранда Махмуд ханым.
Айта кету керек, Қазақстандық жетекші университет пен Мысырлық жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік қарқынды дамуда. Биыл Каир университетінде ҚазҰУ-дың қолдауымен қазақ тілі оқытыла бастады, сондай-ақ әл Фараби ғылыми-білім беру орталығы ашылып, белсенді жұмыс атқаруда.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда