jasqazaq.kz

ҚазҰУ-дың жаңа студенттер үйінің алғашқы тасын қалау рәсімі

01 шiлде 2020, 14:19

Астана күні қарсаңында және 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру аясында Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 1250 орындық жайлылығы жоғары жаңа Студенттер үйінің негізін қалау рәсімі өтеді.

Жалпы көлемі 22,5 мың шаршы метрді құрайтын тоғыз қабатты ғимаратта асхана, компьютерлік сыныптар, демалыс орындары, мәдени-тұрмыстық нысандар болады. Студенттер әжетхана мен себезгісі бар екі орынды бөлмеде тұратын болады.
Іс-шараға университет басшылығы, Алматы қаласы әкімшілігі, инвестор мен құрылыс компанияларының және қоғам өкілдері қатысады.

Шараның өткізілетін күні, орны және уақыты: 2020 жылғы 1-шілде, Жас ғалымдар үйінің жанындағы алаң, басталуы сағат 11.00-де.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия