jasqazaq.kz

ҚазҰУ Азия елдерінің үздік ЖОО қатарында

03 мамыр 2019, 11:26

«Times Higher Education» (THE) беделді әлемдік рейтингінің зерттеу нәтижесі бойынша әл Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны ретінде Азия елдерінің 251-300 үздік университеттерінің қатарына енді.
Университеттер рейтингісін құру барысында келесі көрсеткіштер ескерілді: университеттердің ғылыми-білім беру қызметінің тиімділігі; оқытушылар құрамының және жүргізілетін зерттеулердің деңгейі; ғылыми мақалаларды жариялау және дәйексөз келтіру; халықаралық ынтымақтастық және басқалар.


THE рейтингісінде Азияның 27 елінен 417 университет ұсынылған. Бірінші ондыққа Қытайдың бес университеті, Сингапур мен Оңтүстік Кореяның екі университеті мен Жапонияның бір ЖОО кірді. Бірінші орынды Цинхуа университеті, екінші орынды Сингапур ұлттық университеті, үшінші орынды Гонконг ғылым және технологиялар университеті иеленсе, рейтингте ең көп орынды Жапонияның 103 ЖОО-лары иеленді.

www.kaznu.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде