jasqazaq.kz

ҚазҰУ: «АА+» деңгейі

27 мамыр 2020, 20:53

«Academic Ranking of World Universities-European Standard» (ARES) беделді еуропалық рейтингінің зерттеулері бойынша әл-Фараби атыгдағы ҚазҰУ «АА+» жоғары бағасына ие болып, жетекші еуропалық университеттердің қатарына енді.
ARES халықаралық рейтингіні 2011 жылдан бастап Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы жүргізеді. Биылғы жылы оған еуропалық стандарттарға қызметі сәйкес келетін ТМД елдерінің 530-дан астам жоғары оқу орны қатысты. ARES нәтижелерін әлемнің жетекші рейтингтік агенттіктері назарға алады. ҚазҰУ рейтингіде қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып қалуда, көрсеткіштер бойынша оларды әлдеқайда озып тұр. ARES-тің «AA+» бағасына, сондай-ақ, Ломоносов атындағы ММУ бастаған Ресейдің 10 жетекші университеті де ие болды.
Рейтинг жоғары оқу орындарын келесі көрсеткіштер бойынша саралайды: ғылыми-инновациялық қызмет, оқыту сапасы, цифрландыру деңгейі, түлектердің сұранысқа ие болуы, халықаралық тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы. Сонымен қатар, халықаралық рейтингтер мен академиялық қоғамдастықтағы университеттің орны есепке алынады.
Айта кетер жайт, зерттеу университетіне трансформациялануға бағыт алған ҚазҰУ, жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі өзінің бәсекеге қабілеттілігін үдемелі арттырып, халықаралық рейтингтерде табысты алға ілгерілеуде. Жетекші қазақстандық жоғары оқу орны әлемнің үздік университеттерінің қатарына енуді көздейді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия