jasqazaq.kz

Қазығұртта төрт көлік соғысты (видео)

24 қараша 2019, 18:14

Түркістан облысында төрт көлік соғысты. Салдарынан бір көліктен өрт шықты.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысы Қазығұрт ауданында бір бағытта қозғалып келе жатқан төрт автокөлік соқтығысқан. Салдарынан көліктердің бірінен өрт шыққан.

Оқиға болған жерде Түркістан облысы ПД тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары болған жағдайды анықтауға кірісті. Ал Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол жүру ережесін сақтау және ауа райы нашар жерлерде сақ болу керек екенін ескертті.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, төрт автокөліктің соқтығысуы салдарынан 15 адам зардап шеккен.

«Қазығұрт аудандық ауруханасына 14 адам жеткізілді. Біреуі қалды, ол дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болмады. Жеті адам реанимацияға жеткізілді, жағдайлары ауыр. Травматологияда үшеуі жатыр, төртеуі үйіне жіберілді. Облыстық аурухананың нейрохирургтері аудандық ауруханаға санавиациямен келді. Бір науқасқа ота жасалып жатыр, екіншісін де дәрігерлер отаға дайындау үстінде», — деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от _ (@krispi_almaty)

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда