jasqazaq.kz

«ҚазТрансОйл» ауаға тасталатын қалдықтарды азайтып жатыр

08 тамыз 2018, 15:24

«ҚазТрансОйл» компаниясы экологиялық жобаны қолға алды. Еліміздің батыс өңірі бойынша бірінші болып іске қосылған экологиялық жоба мұнай тасымалдау кезінде шыққан буды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда қондырғы Атыраудағы Н. Шманов атындағы мұнай айдау стансасында орнатылған. «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының бас инженері Марлен Төлегеновтің айтуынша, өткен жылы іске қосылған қондырғы ауаға тарайтын қалдықтардың мөлшерін 80 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік берген.
«TS-4500 маркалы буды қалпына келтіру қондырғысының басты ерекшелігі – ол мұнай тасымалдаудағы экологиялық тұрғыда ең таза транспорт болып табылады. Біздің мақсатымыз – қауіпсіздікті сақтау, өндіріске экологиялық және қуат үнемдегіш технологияларды енгізу», – дейді бас инженер Марлен Төлегенов.
Енді қондырғы қалай жұмыс істейді деген мәселеге келсек, жеңіл көмірсутек бу газды сіңіріп алу кезінде белсендірілген көмір тазартқыш түйіршік қабатынан өтеді. Осылайша, органикалық қосымшалар белсендірілген көмірдің жоғарғы қабатында «ілініп» қалады да, буды қайта қалпына келтіру қондырғысы арқылы, атмосфераға құрамында көмірсутегі жоқ таза ауа шығады. «Аталмыш қондырғы мұнай айдау стансасының жұмысына оң ықпалын тигізіп отыр. Ең басты жеңісіміз – біздің жұмысшыларымыз таксинді буды жұтпайды. Екіншіден, өндірістік шығынның көлемі азайды. Осылайша, қондырғы көмірсутектің ауаға тарамай, керісінше, шикізат болып оралуына жағдай жасап отыр», – дейді «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының бас инженері Марлен Төлегенов.
Журналистер үшін өткен баспасөз турында компанияның мұнай айдау стансаларында қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыс ауқымы баршылық екеніне көз жеткіздік. Олардың қатарында табиғи газ бен электр энергиясы сынды энергоресурстарды оңтайландыру бағытындағы жобалар да бар. Сонымен қатар компания қуат тұтыну мөлшерін үнемдеумен бірге, қоршаған ортаға зиянын келтіретін қалдықтарға тосқауыл қоятын инновациялық технологияларды да іске қосты. «Олардың бірі – бірқалыпты жүргізу функциясы бар реттеуіш жиіліктік жетегі. Аталмыш технология электр қуатын үнемдеп, электр қондырғыларының жұмыс істеу мүмкіндігін арттырады. Осындай кешенді жұмыстар өндірістік жұмыс барысында қолданылатын жанармай көлемінің үнемделуіне алып келді», – дейді «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының бас инженері Марлен Төлегенов.
Айта кетелік, «ҚазТрансОйл» АҚ – еліміздегі магистралдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор болып табылады. Компания жалпы ұзындығы 5 377 шақырымды құрайтын әртараптандырылған магистралдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын сутартқыш желісіне ие. Компанияның өндірістік нысандары бүгінгі таңда Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында жұмыс істеп жатыр.

 

Сіз не дейсіз?
Айнұр ХАЛИАХМЕТОВА,  Атырау облысы бойынша экология департаментінің бас маманы:

Бу қалпына келтіріледі

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының негізгі қызмет түрі мұнайды тасымалдау екені белгілі. Мұндағы табиғатты ластаушы көздер негізінен мұнай сұйық қойма паркі, құю-төгу эстакадасы болып табылады. Осыған орай, Атырау облысы бойынша экология департаменті атмосфераға тасталатын лас қалдықтар мөлшерін азайту мақсатында арнайы қондырғылар орнатуды ұсынған болатын. Қазіргі таңда компанияның Атыраудағы Н.Шманов атындағы мұнай айдау стансасында TS-4500 маркалы буды қалпына келтіру қондырғысы орнатылды. Мұндай қондырғы алдағы жылдары Т.Қасымов атындағы мұнай айдау стансасында да орнатылатын болады. Ататмыш қондырғы ауаға тасталатын өндірістік қалдықтар мөлшерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Баян Жанұзақова,

Атырау

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде