jasqazaq.kz

«ҚазТрансОйл» АҚ кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден 400 астам студент пен оқушы өтеді

30 сәуiр 2019, 14:07

Мұнай құбыры саласы үшін инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі жобаны ҚР Білім және ғылым министрлігі «ҚазТрансОйл»акционерлік қоғамымен бірлесіп іске қосты. Бүгін тараптар Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың айтуынша, меморандум жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, еліміздің жетекші кәсіпорындарында студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды. Біз болашақ мамандарға бастапқы жұмыс тәжірибесін алуда, практикалық дағдылармен өзара байланыста теориялық білімді жақсы қабылдауға бағытталған кәсіпорындар мен ұйымдардың жаңа бастамалары мен ұсыныстарын қолдаймыз», — деп атап өтті брифингте ҚР БҒМ өкілі.

Жас ұрпақты қолдау жөніндегі бастама Қазақстанда Жастар жылын өткізуге орайластырылған. Жоба шеңберінде «мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша 400-ден астам студент және бейінді жоғары оқу орындары мен колледждердің оқушылары мұнай тасымалдау компаниясының кәсіпорындарында ақылы өндірістік тәжірибеден өте алады. Жоғары оқу орындарының студенттері үшін төлем мөлшері 100 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін болады. Колледж оқушылары практикадан өту аймағына байланысты 70 000-нан 80 000 теңгеге дейін алады.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досановтың айтуынша, компанияның өндірістік бөлімшелері базасында мұнай-газ ісінің болашақ мамандары мұнай құбыры көлігі қызметінің ерекшеліктерімен және оның мамандықтарымен таныса алады. Олар мұнай айдау станцияларының операторлары, мұнай-химия талдауының лаборанттары, электромонтерлер, құбыржолдар, автоматтандырылған басқару жүйелері мен телекоммуникациялар, мұнай құбырларын пайдалану және техникалық қызмет көрсету жөніндегі мамандар және басқалар.

«Тәжірибе қорытындысы бойынша үздік нәтижелері бар түлектер компаниядағы бос лауазымдарға орналаса алады. Біз өндірістегі бос орындар резервін жоспарлаймыз. Жобаға еліміздің 12 аймағында өз қызметін жүргізетін 10 өндірістік бөлімше қатысады», — деді компания басшысы.

Инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жөніндегі жоба бес жылға есептелген. Оған 11 жоғары оқу орны мен 10 колледж қатысады. Бүгін Студенттер үшін өндірістік тәжірибені ұйымдастыру туралы келісімге Назарбаев Университетінің, Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қ. Сәтбаев атындағы университеттің өкілдері қол қойды.

Кеше Жастар тәжірбиесі туралы уағдаластыққа «ҚазТрансОйл» АҚ және Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінің (Ақтау), Х.Өзбекғалиев атындағы маңғыстау политехникалық университетінің (Ақтау), Ө.Тұрмағамбетұлы

атындағы маңғыстау индуастриалдық-техникалық колледжінің (Жаңаөзен), С.Мұқашов атындағы Атырау мұнай және газ университетінің (Атырау), Жылыой мұнай және газ колледжінің (Құлсары), А.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің басшылары қол қойды. Осыған ұқсас келісімдерге жақын арада басқа оқу орындарымен қол қою жоспарланып отыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық