jasqazaq.kz

Қазтеміртранс филиалының басшысы жүк вагонын бергені үшін пара алып отырған

16 маусым 2022, 10:50

Қазтеміртранс филиалының директоры сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел бергені үшін жүйелі негізде пара алғаны үшін әшкереленді. Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.

Күдіктіге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Айта кету керек, ағымдағы жылдың 19 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр