jasqazaq.kz

«Қазпоштаның» бұрынғы кассирлері қарт мұғалімнің еңбек демалысына төленген ақшасын жұмсап қойған

15 ақпан 2021, 16:38

«Қазпоштаның» бұрынғы кассирлері қарт мұғалімнің еңбек демалысына берілген 200 мың теңгесін жұмсап қойған. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлім етті.

Қорғалжын ауылының 74 жастағы тұрғыны 2021 жылдың 12 ақпанында полицияға арыз жазған. Ол 2016 жылдың көктемінде «Қазпошта» бөлімшесі 200 мың теңге демалыс ақысын бермегенін хабарлады.

«Полиция зардап шеккен әйел 2016 жылы демалыс ақысын алуы керек болғанын анықтады. Мұғалім демалысқа шыққан соң, қалаға барған, ал ақшасы туралы ұмытып кеткен. Бірнеше жылдан кейін Отанына оралғанда демалыс ақысын алмағаны есіне түскен. Сөйтіп қарт мұғалім полицияға жүгінуді ұйғарған», — делінген хабарламада.

Полицейлер күдіктілерді анықтады. Олар 2016 жылы «Қазпошта» филиалының кассирі болып жұмыс істеген 39 және 52 жастағы Қорғалжын ауданының тұрғындары болып шықты.

«2016 жылдың шілдесінде әйелдер (бұрынғы кассирлер — автор.) басқа біреудің ақшасын алып, оларды заңды иесіне бермей, өз қажеттеріне жұмсаған», — деп толықтырды полиция өкілдері.

«Қазпошта» филиалының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі «Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде