jasqazaq.kz

Қазпошта онлайн-қызметтерін дамыту үстінде

16 тамыз 2019, 11:00

Қазақстандықтар 2019 жылдың жеті айы ішінде пошта және қаржы қызметтері үшін онлайн түрде 4 миллиард 281 миллион теңге төледі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артқан.

«Соңғы жылдарғы тренд — пошта бөлімшелерінен гөрі, қызметтерді алып, оларға тапсырыс беріп ақысын төлеу сервистік портал және оның мобильдік қосымшасы арқылы өтуде», — дейді Дилара Зарлықова, «Қазпошта» АҚ жарнама және PR департаментінің директоры.

Қазақстандықтардың арасындағы онлайн төленетін ең көп сұрансықа ие пошталық қызметтердің ішінде — курьерді үйге шақыру, поштаны жеткізу мекен-жайын өзгерту, сәлемдемені поштаматқа жіберу және гибридті электрондық пошта. Ең танымалды қаржы қызметтері – топтамалы ақша аударымдары, реквизиттер бойынша төлемдер, картадан картаға немесе картадан қолға ақша аудару.

Пошта қызметтерін онлайн түрде ең жиі алатын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Жезқазған қалаларының тұрғындары.

Сервистік портал және оның Post.kz мобильдік қосымшасы — толық «онлайн бөлімше» деуге болады. Онда 30 қызмет түріне тапсырыс беріп, төлем жасай аласыз. Post.kz арқылы алынған бір қызметтің орташа чегі — 4 мың теңге. Күн сайын портал арқылы 5 мыңнан астам онлайн-операция жасалады. Сонымен бірге, порталға күніне ең аз дегенде- 40 мың, ең көбі — 70 мыңнан астам адам кіреді. Порталда тіркелген интернет-пошта қызметтерін тұрақты түрде қолданатын пайдаланушылардың жалпы саны — 712 мың 910 адам. Барлық қызметтер жеке кабинетте қол жетімді, бұл қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

«Бүгін Post.kz – Қазпоштаның басқа жобаларымен қатар, бізді цифрлық болашаққа жақындататын Қазақстандағы бірегей платформа. Сондықтан да, біз 2019 жылдың тамызында «онлайн-бөлімшемізге» рестайлинг жасадық. Басты мақсат — оны Қазпошта қызметтерін онлайн түрде тез алатындай ыңғайлы ету. Жаңартылған Post.kz қазір тест режимінде жұмыс істеуде және клиенттердің пікірлері мен тілектерін белсенді қабылдауда», — деді Дилара Зарлықова.

«Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда