jasqazaq.kz

«Қазпошта» қызметкерлері зейнетақы мен мүгедектердің жәрдемақысын жымқырған

25 қантар 2022, 16:55

Қарағанды облысында қарттар үйі тұрғындарының, солардың ішінде 30 мүгедектердің және 60 зейнеткерлердің зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлаудың қылмыстық схемасы анықталды.

Қылыстық жүйені Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті «Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазпошта» филиалының қатысуымен 5 жыл бойы қарттар үйінің қызметкерлері зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған жәрдемақы мен зейнетақыны өздеріне иелеген. Биылғы жылдың 18 қаңтар күні пәтерлердің бірінде жедел-iздестiру іс-шарасының нәтижесінде қылмыскерлер 1,3 млн теңге көлеміндегі ұрланған қаражатты өзара бөлісу кезінде, қылмыс үстінде ұсталды. Іс жүзінде бұл ақша биылғы жылдың қаңтар айында 25 зейнеткер мен мүгедекке төленетін әлеуметтік төлемдерге арналған.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр