jasqazaq.kz

«Қазпошта» қызметкері бір жылға жуық зейнеткердің ақшасын ұрлап келген

08 желтоқсан 2021, 11:47

Қостанай облысында «Қазпошта» қызметкерінің зейнетақы ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды Алау-ТВ арнасына Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме беріп.

Октябрь кентінің Лисаков пошта байланысы бөлімшесінің басшысы 2020 жылғы қазан айынан бастап 2021 жылғы шілде айына дейінгі кезеңде зейнеткердің қаражатын ұрлаған.

“Өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қызметкер ақша алуға құқық беретін кассалық-шығыс ордерлерін жасаған. «Ақшаны алатын тұлға» тізбегінде алаяқ зейнеткердің қолын қойған.

Қарт әйелдің зейнетақы шотынан жалпы 440 мың теңге ұрланған.

«Қазпошта» қызметкері екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан басқа, ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, тауар-материалдық жауапкершілікпен байланысты қаржы ұйымдарында 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық