jasqazaq.kz

«Қазпошта» қызметкері әлеуметтік көмекке бөлінген қаражаты жымқырған

02 қазан 2020, 15:16


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі облыста Қазпоштаның үш қызметкері ұсталғанын жария етті.

«Осы аптада Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Екібастұз қаласындағы «Қазпошта» АҚ пошта байланысы бөлімшесінің басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 9,4 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жеке тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқыру күдігіне ілінді», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында. Оның айтуынша сонымен қатар Түркістан облысында «Қазпошта» АҚ-тың 2 кассир-операторына қатысты қылмыстық іс тіркелген. Олар өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «атаулы әлеуметтік көмек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген азаматтардың қаражатын иемденген. «Жалпы, мемлекеттің қолдауға мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау — әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Осыған орай, бұл бағыттағы бюджет қаражатын тиімді бөлу мәселелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тұрақты бақылауында. Қабылданып жатқан алдын алу шараларына қарамастан, қылмыстық статистика осы саладағы тұрақты бұзушылықтарды көрсетеді», — деді ол.

 ҚазАқпарат 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық