jasqazaq.kz

«Қазпошта» бөлімшесінде төбелескен қыздар (видео)

05 маусым 2020, 19:57

Балқаштықтар «Қазпошта» бөлімшесінің ғимаратында төбелескен екі қыздың видеосын белсенді талқылап жатыр. 

Әлеуметтік желілерде екі қыздың төбелесіп жатқан жері түскен бейнежазба тарап жатыр. Видео сипаттамасына қарағанда, оқиға Балқаш қаласындағы «Қазпошта» бөлімшесінде болып жатыр.

Роликте «Қазпошта» операторы және онда тағылымдамадан өтіп жүрген қыз болып шықты. Олар не үшін жанжалдасқаны белгісіз.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🆘ПРОБЛЕМЫ ГОРОДА БАЛХАШ🆘 (@problems_city_balkhash)

«Бұл оқиға шынымен Балқаштағы бөлімшелеріміздің бірінде болды. Жанжалды стажер қыз шығарған. Ол операторға шабуыл жасаған, ал біреу оны камераға түсірген. Біз мәселені шештік. Стажер жұмысынан шеттетілді, операторға сөгіс жарияланды. Қазір барлық бөлімшелер бойынша қызметкерлермен профилактикалық әңгіме өткізіп, клиенттерге сапалы қызмет көрсету бойынша оқытып жатырмыз», — деп хабарлады «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, қақтығысқа қатысушылардың екеуі де жергілікті полиция бөліміне жазбаша өтініш қалдырған.

«1983 және 1997 жылғы екі қыздың арыздары полицияда тіркелді. Мән-жай анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп атап өтті Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия