jasqazaq.kz

«Қазпочтаға» қарақшылық шабуыл жасалды

03 қазан 2017, 15:19

Бүгін Көкшетаудағы «Қазпочта» бөлімшелерінің біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қарақшылар миллион теңгені алып, ізін суытқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

«Шығын миллион теңгені құрап отыр. Ешкім зардап шекпеді. «Қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті шаралар қолға алынды, оқиға орнында шұғыл топ жұмыс істеп жатыр», — деді полицейлер.

Айта кетейік, «Қазпочта» бөлімшелеріне алғаш рет шабуыл жасалып отырған жоқ. 2015 жылдың 6 мамырында мекеменің Екібастұздағы бөлімшесі тоналды. Ол кезде бетперде киген төрт адам 60 млн теңгені алып кеткен еді. Қаскөйлер бір айдан кейін ұсталды, олардан ақшаның жартысы мен қару-жарақ тәркіленді. Қылмыскерлер 7-ден 9 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

2015 жылдың 17 тамызына қараған түні Шардара қаласында «Қазпочта» бөлімшесіне тағы бір қарулы шабуыл жасалды. Үш қылмыскер пошта бөлімшесіне терезе арқылы түсіп, күзетшіні байлап тастап, жарты миллионнан астам теңгені ұрлап кетті. Тонаушылар үш сағаттан кейін ұсталды. Олардың әрқайсы 11 жылға сотталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде