jasqazaq.kz

«ҚазМұнайГаздың» рейтингі өсті

21 қараша 2018, 17:18

Халықаралық S&P Global Ratings агенттігінің сарапшылары «ҚазМұнайГаздың» өтімділікті басқару саясатын сақтықпен жүргізіп, мерзімі жақындаған кезде қарыз міндеттемелерін алдын ала қайта қаржыландырып отырғанын атап өтті.

S&P Global Ratings халықаралық агенттігі жуырда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының халықаралық деңгейдегі ұзақ мерзімді корпоративтік рейтингін «ВВ-» дәрежесінен «ВВ»-ға көтерді. Сондай-ақ жеке рейтинг бойынша ұлттық компанияның несие төлеу қабілеті «В»-дан «В+»-ке өсті. Бұған тұңғыш рет макроэкономикалық факторлардың жақсаруы ғана емес, сонымен бірге компания тарапынан жүргізілген белсенді іс-қимылдың да ықпалы болғаны анық.
Агенттік атап көрсеткендей, «ҚазМұнайГаз» — мемлекеттің стратегиялық маңызы бар мұнай-газ секторындағы негізгі активі. Елдегі маңызды деген барлық мұнай кәсіпорындарындағы үлеске ие. Сондай-ақ жаңа активтерге де қол жеткізе алады. Компания Қазақстандағы ең ірі экспортер, салық төлеуші және жұмыс беруші компания. Сонымен бірге ол ішкі нарықты төмен бағадағы отынмен жабдықтайды.
Агенттік пікірінше, ҚМГ рейтингін көтеруге ықпал еткен негізгі жәйттерге қоса, мұнай бағасының өсуі, компанияның шығынды азайтуға, капитал шығынын тұрақтандыруға, топты шоғырландыруды күшейтуге және компания басшылығының өтімділікті басқарудағы байсалды саясаты нәтижесінде ҚМГ қаржысының орталықтандырылуы сияқты факторлар да ықпалын тигізді.
Қомақты инвестицияны қажет ететін Павлодар, Атырау, Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау сияқты ірі жобалар жүзеге асқаннан кейін компанияның капитал жұмсау көлемі азайды. Ал тәулігіне 270 мың баррель мұнай өндірілетін Қашаған сияқты жоба операциялық және капитал шығынын өзі өтей алатын дәрежеге жетіп қалды.
Айта кеткен жөн, биылғы жылы «Қашаған Б.В» компаниясы 600 млн доллар көлемінде қаржы алды. Бұған ол Солтүстік-Каспий жобасындағы серіктестері алдындағы қарызын өтеуге арналған алдын ала төлем сомасын ұлғайту арқылы қол жеткізді. Мұның өзі ҚМГ қаржысын үнемдеуге септігін тигізді.
«ҚазМұнайГаз» Барлау-Өңдеу» АҚ тобынының трансформациясы да сәтті аяқталды. Оның қаржысы ҚМГ үшін қолжетімді бола түсті. Ол қаржыны компания өзінің қарыз міндеттемелерін өтеуге жұмсай алады. Осыған орай рейтинг агенттігі ҚМГ-ның қарызы 2018 жылдың соңына қарай 11 млрд долларға дейін қысқаратынын атап өтті. Салыстыру үшін айтсақ, былтырғы жылдың соңында ҚМГ қарызы 13,3 млрд долларды құраған болатын.
Қарызбен жұмыс істеуге бағытталған менеджементтің күш-жігерінің арқасында биылғы жылы 3,12 млрд доллардың еурооблигациясы қайта қаржыландырылды. Соның нәтижесінде міндеттемелерді теңгермелі түрде өтеу мүмкін болды. Ковененттардың, яғни кредиторлардың тарапынан қойылған бірқатар шектеу шараларын өзгертуге қол жеткізілді.
Forbess.kz жазғандай, мұнай бағасының өсуі де рейтингті қайта қарауға ықпал еткені сөзсіз. Halyk Financе директорының орынбасары Станислав Чуевтің пікірі S&P агенттігінің көзқарасымен дәлме-дәл келеді.
— Мұнай бағасының барреліне 40 доллардан қазір 70-80 долларға дейін өсуін есепке алсақ, біз S&P пікірімен келіспеуге негіз жоқ деп санаймыз,- деді ол.
Мұнай-газ сарапшысы Жарас Ахметов та мұнай бағасының көтерілуі ҚМГ үшін жағымды фактор екенін айтады.
-Мұнай бағасы қымбаттап жатыр. ҚМГ-ның ішкі шығыны қысқарды. Тиімсіз активтерден компания арылды. Мұнай бағасы құлдырағаннан кейін топтағы сервистік компаниялар шығынын азайтты. Қазір олар қайта жұмыс істей бастады. Сондықтан, менің ойымша, рейтинг агенттігінің «ҚазМұнайГаздың» қаржы жағдайы алдағы кезде жақсарады деген пікірімен толық келісуге болады, — деді Жарас Ахметов.
Қаржы көрсеткіштерін жақсартуда қаржы жүктемесінің азаюы да өз ықпалын тигізеді. Агенттік болжамынша, ҚМГ-ның қарызы ағымдағы жылдың соңында 11 млрд доллардан да төмендеуі тиіс.
ҚМГ-ның жалпы қарызы азаятынына BCC Invest басқарма төрағасының орынбасары Александр Дронин де сенімді.
— «ҚМГ Барлау-Өндіруден» миноритарийлердің кетуімен ҚМГ оның балансындағы 3-4 млрд доллар көлеміндегі қаржыны алады. Оны не дивиденд ретінде алады. Не болмаса, осы заемның есебінен ұлттық компаиняың қарызын төлейді ,- деп атап өтті Александр Дронин.
Қаржы кеңесшісі Расул Рысмамбетов те осы жәйтке назар аударды.
— 2017-2018 жылдары ҚМГ аса бай «ҚМГ Барлау-Өндіру» компаниясын қосып алды. Сөйтіп облигация иелерімен сәтті келісім жасады. Сол үшін де компанияның қарыз міндеттемесі төмендеді, — дейді ол.
— Меніңше, рейтинг агенттігінің болжамы дұрыс. Себебі ҚМГ көрсеткіштері жан-жақты жақсаруда. Нақты цифрларды тізіп беру қиынға соқса да, қарыз жүктемесі 11 млрд доллардан да төмендеуі мүмкін. Дегенмен компанияның стратегиялық маңызы бұл фактордың жағымсыз әсер етуіне жол бермеуі тиіс, — деді Рысмамбетов.
S&P өз болжамын қорытындылай келе, қазіргі кезде компанияға сыртқы факторлардың әсері мол екенін атап көрсетті. ҚМГ рейтингі «Қашаған Б.В.» компаниясының 50 пайыз үлесін сатып алу опционын жүзеге асыруға байланысты жоспарына да тәуелді.
Бұл мәселеде акционердің қолдауы да маңызды. Мәселен, опционды орындауда қаржыландыру капиталға қаржы құю немесе ІРО-ны жүзеге асырудан түскен қаржы есебінен болса.

Талап Тілеген

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді