jasqazaq.kz

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасы таныстырылды

20 қараша 2018, 12:32

Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасын таныстырды. Жаңа басшы — Алик Айдарбаев.

А. Айдарбаев әр жылдарда «Оңтүстік Мұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» (кәсіпорынның аты кейіннен «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп өзгертілді), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компанияларында басшы лауазымдарын атқарған. 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры болған. 2013 жылдан 2017 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қаңтарына дейін ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болды. 2018 жылғы 15 қаңтардан бері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді