jasqazaq.kz

ҚазМұнайГаз PwC Kazakhstan рейтингісінде көш бастады

16 тамыз 2021, 15:39

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2019 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша корпоративтік есептерде қаржылық емес ақпаратты ашу бойынша 50 үздік компания рейтингісінде 1-ші орын алды. Рейтингті PwC Kazakhstan компаниясы 107 ұйым арасында өткізді. Зерттеу аясында 2020 жылы жарияланған қазақстандық компаниялардың жылдық есептері мен тұрақтары даму туралы есептеріндегі ESGақпаратының сапасы мен қолжетімділігіне баға берілді.

Рейтингті өткізудің мақсаты – қоғам мен инвесторларға қазақстандық бизнес туралы барынша көп ақпарат беру, транспаренттілік деңгейін арттыру және озық елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, нарықты қарқынды дамуға ынтыландыру.

Бағалау шарттары тұрақты дамуды басқару, әлеуметтік саясат, экология және корпоративтік басқару сияқты блоктар бойынша ақпарат ашуды қамтыды. Бұдан бөлек, ақпараттың айқындылығы мен сапасына қосымша балл берілді.

«Үздік 50 компания тізімін әзірлеген кезде біз жақсы үрдісті байқадық, қаржылық емес ақпаратты ашатын ұйымдар озық әлемдік тәжірибелер мен стандарттарға ұмтылады. Шетел инвесторлары және кредиторлармен жұмыс істейтін компаниялар (экспорттаушылар, жария компаниялар және капиталында шетелдің қатысуы бар ұйымдар) ақпаратты ашу бойынша ең үздік деп танылды», — делінген есепте.

«ҚазМұнайГаз» өзінің қызметінде тұрақты даму саласындағы ең жоғары стандарттарды ұстанады. Ұлттық компанияда әлем елдеріндегі озық тәжірибелерге сәйкес келетін корпоративтік басқару жүйесі енгізілген, мүдделі тараптармен тиімді диалог жүргізу процесі де жолға қойылған. ESG бойынша ақпаратты беру ашықтығын арттыру мақсатында компаниямыз 2012 жылдан бері GRI стандарттарына сай есебін үзбей жариялап келеді. Рейтингтегі 1-ші орын дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқанымызды растап отыр», — деп атап өтті ҚМГ Стратегия және инвестициялар портфелін басқару департаментінің директоры Айша Туребаева.

Рейтинг туралы толық мәліметті сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.pwc.com/kz/ru/esg-ds-report.html

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия