
2020 жылғы 04 мамыр күні сағат 12.00-де Samruk Aqparat баспасөз орталығының алаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің қорытындысы және 29 сәуірдегі директорлар кеңесінің шешімі бойынша онлайн-брифинг өткізіледі.
Спикер – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры Дәурен Қарабаев. Ол брифинг барысында нарықтағы жағдайдың компанияға ықпалы жайында сөз қозғайтын болады. Спикерге онлайн сауал қою үшін тіркеуден өту қажет.
Осыған орай, 2020 жылғы 1 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін жауапты хатпен БАҚ атауын, журналистің ТАӘ, ұялы телефон нөмірін және электронды мекен-жайын жолдауыңызды сұраймыз