jasqazaq.kz

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының әрбір 5-ші қызметкері екпе алды

23 маусым 2021, 16:10

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 13 мыңнан астам қызметкері немесе жалпы персонал санының 20%-ы COVID-19 індетіне қарсы вакцина алды. Соның ішінде 6 мыңға жуық қызметкері немесе жалпы санының 9%-ы вакцинаның толық курсын (екі компонентін) алып үлгерді. Компанияда екі компоненттің әрқайсысын алған кезде ақылы екі демалыс күні (жұмыс күндеріне сәйкес келсе) берілетінін атап өткен жөн. Бұдан бөлек, вакцинаның екі компонентін салдырған қызметкерлер ПТР-тестін тапсырмай, кен орындарына кедергісіз кіре береді. ҚМГ кәсіпорындарында вакцина алу үшін барлық жағдай жасалған: вакциналау орындары орталық кеңселерде, кен орындарындағы арнайы жерлерде және тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық орталықтарда ұйымдастырылған. Мұнайшылар өз қалауымен отандық QazVac, қытайдың Hayat-Vax немесе ресейлік Спутник-V екпесін таңдай алады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия