jasqazaq.kz

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 6 мыңнан астам қызметкері коронавирусқа қарсы екпе алды

19 мамыр 2021, 11:27

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобынының 6 мыңнан астам қызметкері немесе жалпы персонал санының шамамен 10%-ы COVID-19 індетіне қарсы вакцина алды. Соның ішінде 2 мыңға жуығы вакцинаның екі компонентін де салдырды. Вакцинациялау шаралары мемлекеттік жаппай екпе егу науқаны аясында жүріп жатыр.

Екпе алу орындары еншілес компаниялардың орталық кеңселерінде, кен
орындардағы арнайы жабдықталған жерлерде және тұрғылықты мекен-жайы бойынша
медициналық орталықтарда ұйымдастырылған. Мұнайшылар отандық QazVac,
қытайлық Hayat-Vax немесе ресейлік Спутник-V вакциналарын өз еріктері бойынша
таңдай алады.

«Компания пандемия басталғаннан бері барлық алдын алу іс-шараларын қолға
алып, қызметкерлердің эпидемиологиялық қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етіп
келеді. Сәуір айында бізде жаппай вакцинациялау науқаны басталып, сол үшін барлық
жағдай жасалып отыр. Бұдан бөлек, вакцинаның екі кезеңінен өткен қызметкерлер ПТРтестін тапсырмай, кен орындарға еш кедергісіз бара алады», – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры
Қайрат Сактағанов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық