jasqazaq.kz

«ҚазМұнайГаз» дағдарысқа байланысты шығындарды 127,3 млрд теңгеге қысқартты

04 мамыр 2020, 16:18

Ұлттық компания мұнай бағасының құлдырауына байланысты дағдарысқа қарсы іс-шаралар туралы хабарлады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры Дәурен Қарабаев баяндап берді.

Компаниядағы дағдарысқа қарсы іс-шаралар коронавирус пандемиясының салдарынан әлемдегі мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне жауап ретінде енгізілді. Компания бұл жұмысты негізгі өндіріспен байланысты емес операциялық, әкімшілік және капиталды шығындардан бастады.

«Шұғыл шаралар ретінде қазірдің өзінде 2020 жылға арналған жоспармен салыстырғанда капиталды шығындарды 87,4 млрд теңгеге азайттық. Алдағы бес жылда қысқартылған капиталды шығындардың көлемі 406,4 млрд теңгені құрамақ. 2020 жылдағы жалпы және әкімшілік шығындар 15,7 млрд теңгеге қысқартылды. Операциялық шығындар 24,2 млрд теңгеге азайтылды. Ал алдағы бес жылда қысқартылған операциялық шығындардың көлемі 281 млрд теңгені құрайды», – деді Дәурен Қарабаев.

2020 жылы қысқартылған жалпы қаражат сомасы 127,3 млрд теңгені құрайды.

«Біз компанияның операциялық үлгісін өзгерту бойынша жұмыстанып жатырмыз. Оның нәтижесінде ҚМГ басқарудың икемділігі артып, компания дағдарыс салдарын аз шығынмен еңсеру мақсатында жедел қимылдай және бизнес үшін тиімді шешімдер қабылдай алатындай болуы тиіс», – деп атап өтті Дәурен Қарабаев.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді