jasqazaq.kz

«ҚазМұнайГаз» басшысы Маңғыстау өңірінің мұнайшыларын құттықтады

01 қыркүйек 2019, 14:16

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының мұнайшыларын кәсіби мерекемен және қазақ мұнайының 120 жылдық мерейтойымен құттықтады. Салтанатты іс-шаралар 2019 жылдың 30-31 тамызында Жаңаөзен және Ақтау қалаларында өтті.
«Тәуелсіздік алғалы бері мұнай-газ саласы жаңа кезеңге қадам басып, өндіріс өрге өрледі. Саланы аяққа тұрғызып, ілгері дамытуда Тұңғыш Президенттің орны бөлек. Елбасының қажырлы еңбегі мен саяси жігерінің арқасында еңсемізді тік көтеріп, талай биіктерді бағындырдық. Былтыр Қазақстанда 90 миллион тонна мұнай өндірілді. Жиырма сегіз жылда «қара алтынды» өндіру көлемі 3-тен аса есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда еліміз мұнай мен газ өндірісі бойынша дүниежүзінде 13-ші орында тұр. Ең бастысы – мұнайшылардың әл-ауқаты жақсарды. Өткен жылдар мен бүгінгі күннің әлеуметтік-еңбек жағдайын мүлдем салыстыруға болмайды» — деді өз сөзінде Алик Айдарбаев.
Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні жыл сайын қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Кәсіби мереке президенттің жарлығымен 2003 жылы бекітілген болатын.
Биыл қазақстандық мұнайшылар үшін ерекше жыл. Мұнай-газ саласы 120 жылдық мерейтойын атап өтуде. Естеріңізге салайық, 1899 жылы Атырау облысындағы Қарашүңгіл кен орнында алғашқы мұнай бұрқағы атқылады. Отандық мұнай-газ саласының тарихы сол сәттен бастау алады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда