jasqazaq.kz

«ҚазМұнайГаз» басшысы Алик Айдарбаев ҚазГӨЗ-дегі қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты

18 маусым 2021, 10:37

Маусымның 17-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жаңаөзен қаласында өрт шыққан «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-не барды.

ҚМГ басшысы кәсіпорынның технологиялық желісін қарап, қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Зауытта А.Айдарбаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Меңдібаевтың, Жаңаөзен қаласының әкімі М.Ибағаровтың, «ҚазГӨЗ» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бірінші басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді.

Жиналыста өрт салдарын жою бойынша қабылданған шаралар талқыланып, осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берілді.
Бұдан бөлек, кәсіпорында шыққан өрт «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Өзенмұнайгаз» АҚ кен орындарындағы мұнай өндіру деңгейіне әсерін тигізбегені атап айтылды.

Сонымен қатар Алик Айдарбаев өрт сөндіру кезіндегі үйлесімді іс-әрекеттері үшін өртке қарсы қызмет мамандарына, ҚазГӨЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ ұжымдарына алғысын білдірді.

«Ендігі міндет – қалпына келтіру жұмыстарын қысқа мерзім ішінде жүргізіп, кәсіпорынның газды толық қабылдауын қамтамасыз ету», – деп атап өтті ол.
Еске сала кетейік, ұлттық компанияда жедел штаб жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта өрт салдарын жою жұмыстары жүргізіліп, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия