jasqazaq.kz

«ҚазМұнайГаз» Әзірбайжанның SOCAR компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

28 қантар 2019, 12:29

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев Баку қаласында Әзірбайжанның SOCAR мұнайгаз компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаевпен кездесті. Сондай-ақ Бакудегі қазақстандық делегацияның құрамында ҚМГ ҰК басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев, «Қазтрансойл» АҚ бас директоры Димаш Досанов, «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС бас директоры Марат Орманов болды. Мұнайгаз саласының барлық сегментіндегі ынтымақтастық перспективалары талқыланды. SOCAR және ҚМГ ҰК басшылары Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың үлкен мүмкіндіктерін, соның ішінде – Каспийде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу саласындағы, атап айтқанда көмірсутек шикізатын барлау бойынша геологиялық-геофизикалық материалдарды бірлесіп зерттеу, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерінің логистикасы, трейдингі саласындағы перспективаларды көздейді. Меморандумда ынтымақтастықтың бірінші нақты жобасы ретінде ҚМГ ҰК-ға тиесілі суда жүзетін «Сәтті» бұрғылау қондырғысын Бакуге тасымалдау және оның кейінгі жаңғыртуы қарастырылған. Қондырғы Каспий теңізінің әзірбайжандық секторындағы SOCAR жобаларында бұрғылау жұмыстары кезінде пайдаланылады деп жоспарланады.

Кездесу аясында SOCAR Маркетинг және экономикалық операциялар басқармасы және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС арасында көмірсутекті тасымалдау саласындағы ынтымақтастық жөнінде ниет білдіру туралы хаттамаға қол қойылды.

Ресми кездесуден кейін қонақтар SOCAR бас офисіндегі интерактивті көрмемен танысты. Көрме Әзірбайжандағы мұнай өнеркәсібі тарихынан, осы саланың табысты дамуы кезеңдерінен сыр шертеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде