jasqazaq.kz

ҚазМұнайГаз: Атырау мұнай өңдеу зауытында орын алған оқиғаға кінәлілер жазаланатын болады

06 қараша 2020, 11:08

Жиналыста биологиялық тазарту құрылыстарында орын алған оқиға қарастырылды. Атап айтқанда, қазіргі кезде мұнай өнімдерінің бекітілген нормадан шекті рұқсат етілген шығарындыларының жоғары мөлшері анықталмағаны жөнінде есеп берілді. Бұдан бөлек, оқиға себептері мен жүргізілген тексерудің нәтижелері ескеріліп, табиғатты қорғау бойынша іс-шаралар жоспары қайта пысықталды. Оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияның тексеру нәтижелері бойынша АМӨЗ-дің жауапты тұлғаларын жазаға тарту туралы шешім қабылданатын болады.

«Қала үшін күрделі оқиға орын алды. Оған зауыт жауапты. Қала тұрғындарынан кешірім сұраймыз. ҚМГ басшылығы жағдайды жіті бақылауында ұстап отыр. Біз зауытта ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргіздік, бірақ, өкінішке қарай, қызметкерлеріміздің сана-сезімі, соның ішінде өндірістік циклдер үшін жеке жауапкершілігі жағы әлі де жаңғыру үстінде. Бұл қызметкерлер де осы қаланың тұрғындары, олардың жұмысының нәтижесі бүкіл Атырау халқының аман-саулығына тікелей әсер етеді. Зауыт аса қысқа мерзім ішінде жағдайды түзетіп, алдағы уақытта осындай апаттарды болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдауға тиіс», – деп атап айтты Д.Тиесов.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қарашасында сағат 16.00-де электр қуатын беру жұмыстарының ақауы салдарынан ағынды суды биологиялық тазарту блогы тұндырғышының шламды рециркуляциялау сорғысы тоқтап қалған болатын. Соған байланысты тұндырғыштың құм сүзгісіне шығуы орнында қалқыма және органикалық заттар (биошлам) шығарындылары шамадан асты. Бұл кезде құм сүзгісі блогында жөндеу жұмыстары жүріп, аталған блок технологиялық схемадан уақытша ажыратылған еді. Соның салдарынан биологиялық тазарту құрылыстарынан құрамында қалқыма және органикалық заттары бар сарқынды су нормативтітазартылған сарқынды су арнасы ағып кетті. Қарашаның 1-і күні сағат 23:00-де биологиялық тазарту құрылыстарының жұмыс тәртібі қалпына келтірілді. Сонымен қатар, нормативті-тазартылған сарқынды су арнасында биошламның булану өрістеріне одан әрі өтуіне жол бермейтін бөгеттер орнатылды. Қазіргі уақытта арнадағы биошлам вакуумдық машиналармен сорылып, зауытқа кері әкелінуде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия