
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Нұр-Сұлтандағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі:
Өрт сөндірушілердің күшімен 21:12-де өрт сөндірілді. Өрт сөндірілгеннен кейін аккумулятор батареялары жанғаны анықталды.
Алдында төтенше жағдай салдарынан «Хабар», 24kz, Qazaqstan, Balapan телеарналары хабар таратуын тоқтатқаны хабарланды.
Белгілі болғандай, қатты желдің салдарынан «Қазмедиа орталығы» ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су кірген. Қалған жағдай анықталып жатыр, шатырдың ішінара зақымдалуы мүмкін.