jasqazaq.kz

“Қазір сапасыз, бірақ маркетингі мықты фильмдер табысқа жетіп жатыр” (Видео)

23 сәуiр 2025, 9:02

Продюсер әрі психолог Нұргүл Даубаевамен сұхбат

Психолог әрі кино продюсер Нұргүл Даубаева Jas Qazaq тілшісіне берген сұхбатында шығармашылық пен шынайылық туралы ашық айтты.

— «Менің әкем тарихшы. Өзімнің де арманым – тарихи кинолар түсіру. Бірақ көрпеге қарап көсілу керек. Қазір қоғам не сұраса, соны жасауға мәжбүрмін. Себебі менің репутациям үшін де қаржы ауадай қажет. Бюджет болмаса, сапа жоғалады», — дейді ол.

Қазір ол комедиядан алыстап, фантастикалық драма жанрында жұмыс бастап кеткен. Бірақ бұл бағыт оған табыс әкелмеуі мүмкін екенін де жасырмайды.

— «Көрерменнің талғамы өсіп келеді. Ал маркетинг дұрыс болмаса, жасаған дүниең ешкімге жетпей қалады. Қазір сапасыз, бірақ маркетингі мықты фильмдер табысқа жетіп жатыр. Дегенмен мен үшін сапа мен маркетинг екеуі де маңызды», — дейді продюсер.

Психология саласына келгенде, Нұргүл жалған коучтар мен білімсіз мамандар көбейгенін ашық сынайды.

— «Білім алсаң, біреуге зияның тимеу керек. Өз басымнан өтті. Бір клиент маған басқа психологтан кейін келді. Бірақ ол травматерапияны білмеген. Салдарынан адамға көмектесе алмаған. Психологтың дипломы болуы керек. Одан бөлек, өзі де жеке терапиядан, гештальт әдісінен өтуі тиіс. Әйтпесе, өзі реттелмеген адам, өзгеге көмектесе алмайды», — дейді ол.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
Бүгін, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
Бүгін, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде