jasqazaq.kz

Қажыларға жалған вакцинация паспортын дайындаған туристік компания анықталды

09 шiлде 2021, 16:59

Ішкі істер министрлігі жалған ПТР тесттерін мен вакцинация паспорттарын жасау фактілері және қолдану туралы жеткізеді.

Қазіргі уақытта халықтың денсаулығын сақтау – Үкіметтің өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Covid-19 коронавирустық инфекциясы және онымен байланысты жағдайлар барлық салаларға айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресудің бірден-бір әрі сенімді жолы вакцина салу екенін атап өтті.

ПТР – тесттерді қолдан жасау және пайдалану фактілері бойынша Ішкі істер министрлігі өз құзіреті шегінде қажетті шаралар қабылдауда. Кейбір азаматтар қазіргі жағдайды пайда табу үшін пайдаланады, ПТР тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспортын қолдан жасайды, осылайша коронавирустың таралуына әсер етеді.

Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеді.

Мысалы, Алматы қаласында қажылардың Сауд Арабиясы Корольдігіне кетуін рәсімдеу кезінде вакцинациялау паспорттарын (143 паспорт) жаппай дайындауға қатысы бар туристік компания анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тінту іс-шаралары барысында ұйымдастыру техникасы, мөрлер, бланк өнімдері алынды, сот сараптамалары тағайындалды.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия