jasqazaq.kz

ҚазГӨЗ директоры Н. Төлепов: Химиялық заттардың ағып кетуі орын алған жоқ

17 маусым 2021, 10:41

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры Нақберген Төлепов 16 шілдеде кәсіпорында болған өрт бойынша түсінік берді. 

«Кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 22.15-те компрессорлық цехте ауа тоңазытқышының тұтануы орын алды. Біз дереу отты ауыздықтау және сөндіру бойынша шаралар қабылдадық. Газ қабылдау тоқтатылып, зауытты толығымен апаттық тоқтату жүзеге асырылды. Отты сөндіруге жеке өрт сөндіру топтары мен ТЖД күштері жұмылдырылды. Сағат 22.52-де өрт толығымен жойылды. Ең бастысы қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ» – деп хабарлады Н. Төлепов.

Оның айтуынша, сағат 23.30-да мамандар кәсіпорынды шектеулі режимде іске қосуға кірісті. Қазір зауыттың жүктемесі шамамен 30 пайызды құрап отыр. Кәсіпорынды толық қуатына шығару үшін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Н. Төлепов өрттің салдарынан тек ауа тоңазытқышының көтергіш конструкциясы ғана бүлінгенін атап өтті. Негізгі жабдыққа зиян келген жоқ.

Бұған қоса, ҚазГӨЗ директоры оқиға кезінеде химиялық заттардың ағып кетуі туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесетті жоққа шығарды. Ол алаңдауға негіз жоқ екенін баса айтты.

«Бұл жабдық шикі газды ауа-су әдісі арқылы салқындату үшін қолданылады. Бұл жабдықта қандай да бір химиялық заттар пайдаланылмайды. Сондықтан жұмыскерлер және тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіптің жоқ екенін сеніммен айта аламын», – деді Н. Төлепов.

Оның пікірінше, зауыттың қызметі жақын арада толығымен қалпына келтірілетін болады және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бойынша аутқулар орын алады деп күтілмейді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия