jasqazaq.kz

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды

11 шiлде 2019, 15:47

Қазгидромет экс-басшылары 10 жылға сотталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен Н.Қ. Сұлтанов ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі («Пара алу») бойынша кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Р.И. Андрианов ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды», — делінген елордалық баспасөз қызметінде. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 17 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері пара алды деген күдікпен «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшыларын ұстады. Кейін Қазгидромет өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасына сәйкес, күдіктілер ретінде Қазгидрометтің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Андрианов пен Қазгидромет бас директорының орынбасары Сұлтанов ұсталғаны белгілі болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде