jasqazaq.kz

Қазгидромет бірнеше өңірде ескерту жариялады

26 ақпан 2020, 17:53

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Атап айтқанда, 27 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, 25 м/с артуы мүмкін. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістан қаласында түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында түнде қатты жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. 27 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ күтіледі. 27-29 ақпан аралығында сондай-ақ тұман болжанады. 27 ақпанда түнде және таңертең, 28-29 ақпанда тәулік ішінде солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. 27 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 27 ақпанда Орал қаласында тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 18 м/с болатыны күтіледі. 27 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші 15-20, 23-28 м/с артады. 27 ақпан күні Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал. 27 ақпанда Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 17-22 м/с жетеді. Актау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия