
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылары ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Үстіміздегі жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік Комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде «Қазгидромет» РМК-ның бірқатар басшысы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-тармағымен көзделген («Пара алу») қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды», — делінген ҰҚК хабарламасында. Комитеттегілердің мәліметінше, қазіргі кезде жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.
Дереккөз: Tengrinews.kz